$ 516.01  582.47  6.26

«Құламауымды тіледің»: Тоқтар Серіков әйеліне арнап жазба жариялады (ФОТО)

"Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім". 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, оған деген із тілегін өлең жолдарымен жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,

Бір мен үшін жандың талай түледің.

Мен қуансам сен балаша мәз болдың,

Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.

Сенің туған күніңе арнап жарқыным,

Бар әлемнің жылулығын тіледім.

Өмір дейтін мына жарық мекенде,

Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім", - деп жазды Тоқтар Серіков Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ әнші желіде жұбайымен, отбасымен түскен суреттерді де бөліскен.

Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілегін жазып, Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап жатыр. Олардың арасында әншілердің өнердегі әріптестері де бар.

"Жаңа жасыңыз құтты болсын, Бейбіт! Қос аққудай өнер айдынында Тоқтар екеуіңіз бірге жасай беріңіздер!", "Құтты болсын жасыңыз! Ғұмырлы, бақытты өмір тілеймін! Сіздерді жақсы көреміз, құрметтейміз!", "Керемет, үлгілі отбасы, туған күніңіз құтты болсын!" - деп жазуда желі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары