$ 516.01  582.47  6.26

«Ол кімге үйленгенін білу керек»: Әсел Асқар болашақ жарына қандай талаптары барын айтты (ВИДЕО)

Желі жұлдызы Мира Ахмадиге сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті.

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар өзіне ұнамайтын жігіттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы Мира Ахмадиге сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті. 

“Менің ешкіммен кездеспегеніме ұзақ уақыт болды. Бірақ жігіттер жазып, кездесуге жиі шақырады. Оларға қатты талап қоя бермеймін. Бірақ қазіргі тілмен айтқанда “ред флагтағы” жігіттер бар. Алдымен, шектеу қоятын жігіттермен араласпауға тырысамын. Менің жұмысым – кино индустрия саласы. Ал ол маған “сен киноға түспейсің, блог түсірмейсің” десе қарым-қатынас құрыла ма?! Кімге үйленгенін білуі керек, білмесе Google-дан ашып оқуы керек. Менің шығармашылығымды құрметтесе деймін. Алайда қандай киноға түсіп жатқаныңды, қай жерден жарнама алғаныңды екінші жартыңа айтасың. Ұятты сахналар болса, ол келіспеуі мүмкін. Оған мен де ренжимін. Бірақ “Сен өз киноңды түсірсеңші. Мен саған көмектесемін” десе керемет болатын еді. Әйелді шектеу дұрыс емес”, – деді актриса. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары