12.05.2025, 11:20

«Менің ұятым жоқ, маған бәрібір»: Актриса Әсел Асқар жігіттің алдында ерсі би биледі (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Блогер бұл биін өнер адамдары бас қосқан жиындардың бірінде биледі.

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар желіде ер адамның алдында ұятсыз билеген биін желіге жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогер бұл биін өнер адамдары бас қосқан жиындардың бірінде биледі. Жүргізуші ортаға Әсел Асқарды шақырып, орындықтың алдында билеуін сұрайды. Актриса билеп жүріп ортаға жас жігіттердің бірін шығарып алады. Осыдан кейін оның алдында ойындағы биін билейді.

«Келесі жоба үшін Ануар ағаның алдында өзімді көрсетіп тұрмын. Менің ұятым жоқ, маған бәрібір. Бастысы менің харизмам бар әрі ұялатын ешнәрсем жоқ», — деді актриса билеп болғаннан кейін.

Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін ұнатпады.

"Мыналарын ұят-ау", "Бетімен кеттік десейші", "Не видео мынау сұмдық қой", "Сенен басқа ешкімнің духы жетпейді", - деп жазды.

Тегтер: Әсел Асқар ұят