12.05.2025, 12:20

«Есіме түссе жүрегім тарсылдап кетеді»: Айнұр Тұрсынбаева оқыс жағдайға тап болды

Фото: видео скриншот

Кеше өте бір қорқынышты жағдай болды.

Танымал айтыскер ақын, кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева желіде елді дүр сілкіндеретін жаңалығымен бөлісіп, көптің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақын бұл жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті. 

«Кеше өте бір қорқынышты жағдай болды… Есіме түссе әлі жүрегім тарсылдап кетеді», — деп бастады ақын әңгімесін.

Оқырмандар не жағдай болғанын сұрастырғанда, оның құрбысы Қайша Керейдің мысығының жлоғалып кете жаздағанын айтқан. 

Ақын әзіл-шыны аралас жазба саламын деп, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік Айнұр Тұрсынбаева мен үй мысығын талқылап, күлікіге қарық болған.