13.05.2025, 12:40

«Баламның таңдауы»: Танымал блогердің анасы Құралай Анарбекова туралы айтты (ВИДЕО)

Сонымен қатар, келіні өзге ұлттан болғанын қаламайтынын да ашып айтты.

Танымал блогер NNN мен оның анасы Ләйлә Сұлтанқызының LStories бағдарламасында қонақта болды, — деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогердің анасы көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Сөзінше, көпшілік сырттай келіні деп таныстырып жүрген Құралай Анарбековамен таныс емес екен.

«Бұл сұрақ маған таңсық емес. Менен көбі Құралайды сұрайды. Ұлым маған үйленетін қызымды туған күніңізде таныстырамын деп уәде берген. Туған күнім өтіп кетті, бірақ әлі таныстырған жоқ. Баламның таңдауы. Жас жігіт емес, ақыл тоқтатты. Қандай таңдау жасаса да менікі демеу беру. Отбасы болып кетуіне ықпал еткім ғана келеді. Оның атағы, мансабы мен үшін қызық емес», — деді анасы.

Сонымен қатар, келіні өзге ұлттан болғанын қаламайтынын да ашып айтты.

Айта кетейік, блогер Нұрдәулет танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбековамен көңіл жарастырғаны туралы желіде ақпар тараған еді.