14.05.2025, 06:30

«Баламның дұғасы қабыл болды»: Әнші Тоқтар Серіков ерекше оқиғасымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Бұл оқиға оның өзін де таң қалдырған.

Әнші Тоқтар Серіков баласының шынайы дұғасының арқасында әйелі егіз ұлдарын дүниеге әкелгенін айтып, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл оқиға оның өзін де таң қалдырған.

"Намаз оқып, дұға тіледім. Артынан ұлым да келіп отырып дұға тіледі. Бірақ менен көп отырды. Ұзақ тіледі. Біткен соң "балам, сонша ұзақ не тіледің?" деп сұрады. "Әке, егіздер тіледім" дед."Әумин балам" деп қойдым. Бұл жайлы ұмытып та кеткем. Арад біраз жылдар өткен соң, Бейбіттің бойына егіздер біткенін екенін айтты. Ол кездегі сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес", деді.

Желі қолданушылары да тебіреніп, пікір білдірді.

“Саналы ұрпақ әрқашан жолыңды ашады”, “Жаман ойы жоқ періштенің тілегі қабыл болған ғой”, “Міне нағыз махаббат”, “Аллаға шүкір”,- деп пікір білдіруде.