14.05.2025, 10:40

«Талай әншіні басып озды»: Нұрболат Абдуллиннің әйелі өнерімен көпшілікті таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/faridush_zh

Дауысы сыңғырлап тұр екен.

Желіде белгілі эстарада әншісі Нұрболат Абдуллиннің сүйіктісі ән айтып, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Кейбірі оның дауысын мақтап: “дауысы әдемі екен, талай әншіні басып озады”,- десе, енді бірі: “мүлде дауысы жоқ қой”,- деп сынға алды. Кей қолданушылар тіпті оны өмірде көргенін айтып: “өркөкірек әйел, көп адамды менсіне бермейді” деген пікір қалдырған. Желіде қызу талқыланған видео оқырмандар арасында екіұдай әсер қалдырды.