15.05.2025, 13:00

«Балалары да биші болайын деп тұр»: Бүркіттің әйелі Аиша жүкті бола тұра билеп, көпті таңғалдырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Өнер иесі жеке парақшасында аяғы ауыр келіншегіне көмектесіп жүргенін айтты. 

Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның биі желіні жарды. Әншінің әйелі жүктілігіне қарамастан, билеп, көптің көңілін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жеке парақшасында аяғы ауыр келіншегіне көмектесіп жүргенін айтты. 

“Аяғы ауыр әйеліңе көмектесіп тұру керек. Көмектесемін деп билеп кеттім. Өмірді қалай сүретінің өзіңе байланысты. Көп қуанып, көп күл”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары аяғы ауыр бола тұра, билеген Аишаның іс-әрекетін қызу талқылап жатыр. 

“Айшаның қол-аяғы жеңіл. Әрқашан жадырап жүреді. Кейбір аяғы ауыр келіншектерді көрсең, дүниеде бала тапқан сол сияқты қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып, кірпіше жиырылып жүреді. Дүниеге 12-мүшесі сау бала келсін. Ата-енеңе жасап отырған қызметің алдыңнан шықсын, айналайын” , “Балаларыңыз да биші болайын деп тұр”, “Айы-күні жақындаса да, еркін қозғалып тұр”, “Іші қандай әдемі, қарбыз сияқты”, – деп жазды көпшілік.