Өнер иесі құрылыс жасап жатқан жігіттерге алғыс айтты.
"Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің тойына дайындықты құрылыс жұмыстарынан бастап кеткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі құрылыс жасап жатқан жігіттерге алғыс айтты.
“Өз басым рушылдыққа, жершілдікке бөлінгенді жек көремін. Бірақ бізде сондай түсінік қалыптасқан. “Басқа ұлт өкілдері күшті жасайды” деп қазақтарға сенбейміз. Келін түсіруге дайындықты бастап кеттік. Келін келмесе үйдің алды жасалмаушы еді. Жігіттерге көп рақмет! Сендер де қыз ұзатып, келін түсіріңдер”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер иесінің болашақ құдалары Жаңаөзеннен деген ақпар тараған еді.