Енді оған Ресей территориясынан шығып, заң аясында қайта елге кіруі керек.
Әзілкеш әрі актер Нұрлан Сабуров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл арада көші-қон есебіне тұру мерзімінің кешіктірілуі туралы сөз болып отыр (Ресей Федерациясының Әкімшілік Кодексінің 18.8-бабы).
19 мамырда Mash Telegram арнасында Нұрлан Сабуровқа көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 5000 рубль айыппұл салынғаны туралы ақпарат пайда болды.
"Енді оған Ресей территориясынан шығып, заң аясында қайта елге кіруі керек. Әртіске елге кіруге тыйым салынбаған", делінген хабарламада.