20.05.2025, 12:00

Танымал тележүргізуші сүйіктісімен некесін қидырды (ВИДЕО)

Фото: sultan_nurbekoff

Енді біз ерлі-зайыптымыз!

Танымал тележүргізуші Диана Скатова жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол сүйіктісі музыкант Сұлтан Нұрбековпен АҚШ-тағы мешітте некесін қидырған.

«Өмір – өздігінен ғажап. Сол кереметті бөлісетін адамың болса, оны кездестірсең, ол керемет екі еселенбей ме?!

Баршамызға, Алла тек жақсы күндерді бұйырсын! Енді біз ерлі-зайыптымыз!», - деп жазды ол.

Айта кетейік, олар бұған дейін QosLike бағдарламасында бірге жұмыс істеген.