«Димашты көрген сайын толқып жылаймын. Себебі өте қарапайым, халықпен бірге».
Желіде Димаш Құдайбергеннің Дана Нұржігітке берген сұхбаты тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Омар Хайямның керемет сөзі бар. «Не завидуй тому, кто силён и богат. За рассветом всегда наступает закат», дейді ол. Сол себептен менің өмірімде болып жатқан қызықты сәттер, әртістік өмір уақытша нәрсе. Күндердің күнінде мен де сахнадан түсіп, көрермендердің қатарында отырамын. Сол кезде мен жанымда тұрған адамдардың бетіне тік қарай алуым керек», — дейді ол Дана Нұржігітке берген сұхбатында.
Жазылушылар Димаштың қарапайымдылығына тәнті болып, тек жағымды пікірлер жаудырды.
«Димашты көрген сайын толқып жылаймын. Себебі өте қарапайым, халықпен бірге», «Не деген қарапайымдылық», «Нағыз ұлы даланың баласы», «Ақылыңнан айналдым», деп жазды олар.