Балаларды сабақтан алып келгенімше, дәмді тамақтар дайын тұрады.
Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын қызықтырып қойды, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, танымал әнші үй шаруасына араласпайды екен.
«Басыңызға келсін! Мен үйде дым істемеймін. Тұрамын, жуынамын. Балаларды сабаққа апарып келгенімше, няням үй тазалап қояды. Келемін тренировка жасаймын(үйде), ол кезде уже завтрак дайын тұрады. Ішемін, рақмет айтып тұрып кетемін. Жұмысқа кетемін. Балаларды сабақтан алып келгенімше, дәмді тамақтар дайын тұрады. Кешкі ас ішіп балалармен әбден ойнаймыз. Көңіл көтереміз. Үйдің тірлігін ары қарай няням өзі жасай береді. Кір бар анау мынау. Тіс жуамыз, әркім өз бөлмесінде ұйқыға кетеді», — деді өнер өкілі.
Әншінің бұл жазбасына жазылушылар түрлі пікір қалдырды.