21.05.2025, 17:40

«Оңбаған адаммын»: Мереке Қалбаева енесімен бірге тұрғысы келмегенін айтты

Фото: желіден алынды

Мерекенің айтуынша, бастапқыда енесімен тұруға қарсы болыпты.

Белгілі актриса және блогер Мереке Қалбаева 7-арнадағы «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы туралы шынайы ойларымен бөлісті. Бастапқыда бірге тұруға қарсы болған ол, уақыт өте келе бұл шешімі өзгеріп, енесіне деген сүйіспеншілігі артқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы POLITICO.KZ сілтеме жасап.

Мерекенің айтуынша, бастапқыда енесімен тұруға қарсы болыпты. Алайда анасының кеңесі оның көзқарасын өзгертті.

«Қазір енеммен тұрғым келеді. Басында тұрғым келмейтін. Сосын өзімнің мамам: “Мен сені осылай тәрбиеледім бе? Енең жалғыз тұрады, қорқатын шығар”, – дегенде, мен жылап жібердім. Шынымен, сол адамның орнына өзімді қойдым да, қандай оңбаған адам екенімді ойладым. Содан бері енемді қатты жақсы көремін», – деді ол.

35 жастағы актриса үш баланы қатарынан дүниеге әкеліп, қазіргі таңда сәл демалып жатқанын жеткізді. Ол болашақта тағы да ана болуға дайын екенін айтты.

«Жасым келіп қалды ғой. 35-темін. Бірден туып алғаныма қуанамын. Енді сәл демалып алып, еркектің жасына келгенде туам. Балаларыма туған сіңлімдерім қарап көмектеседі. Балаларым туғалы солар қарап беріп жатыр», – деді Мереке Қалбаева.