$ 510.81  578.59  6.51

«Алаштың аяулы анасы»: Сәкен Майғазиев Зейнеп Ахметованы құттықтады (ВИДЕО)

Зейнеп Ахметова анамыздың 80 жас мерейтойын тойладық.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованы 80 жас мерейтойымен құттықтап, жазба жариялады, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Зейнеп Ахметованы қазақ келіндерінің символы екенін айтып, жолын барлық қыз-келіншектерге бұйыртсын деп тіледі.

«Бауыржан Момышұлы атамыздай алып тұлғаның тілін тауып, бабын жасап, батыр бабамыз туралы кітап жазып, қазақ келіндерінің символы атанған, бүгінде алты АЛАШтың аяулы анасына айналған Зейнеп Ахметова анамыздың 80 жас мерейтойын тойладық. Үлкеннен қарғыс емес, алғыс алған анамыздың ақ жолын біздің қарындастарымыз бен қыздарымызға бұйыртсын», - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары