$ 512.1  583.64  6.5

«Директор жанып тұр»: Димаштың челленджін қолдаған мұғалім желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Видео Instagram желісінде екі күн ішінде 2,6 миллионнан астам қаралым жинаған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде №58 Астана мектебіндегі соңғы қоңыраудан түсірілген бейнежазба кең тарады. Мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза түлектермен бірге Димаш Құдайбергеннің "Тау ішінде" әніне билеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео Instagram желісінде екі күн ішінде 2,6 миллионнан астам қаралым жинаған.

Нұртазаның айтуынша, бейнеролик 24 мамыр күні салтанатты жиыннан кейін түсірілген. Ол 15 жылдан бері осы мектепте жұмыс істейтінін айтып, бұл істі өзінің өмірлік миссиясы деп санайтынын жеткізді.

Мектеп директоры түлектерге өздеріне сенуге, жүрек қалауымен мамандық таңдаудан қорықпауға және ҰБТ — өмірдің соңы емес екенін естен шығармауға кеңес берді.

«Мұғалімдер сіздерді жақсы көреді және әрқашан қолдайды», — деп қосты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары