Біздікі де жақындап қалды-ау.
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасына қатысты жаңалықты жария етті. Өнер иесі әріптестерінің балалсы үйленіп, қыздары ұзатылып жатқанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Биыл әншілердің дені келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Мирас қызын ұзатты. Нұрлан Еспанов келін түсірді. Сәкен де келін түсіріп, қуанып жатыр. Ақбота Керімбекова келін түсірді. Біздікі де жақындап қалды-ау. Ата-ене болуға дайындалайық”, – деп жазды әнші.
Одан кейін эстрада жұлдызы әр өңірдің салт-дәстүріне байланысты кеңес те сұрады.
“Қазақстанның әр өңіріндегі салт-дәстүр де әртүрлі. Қыз бен жігіт өзара шешім қабылдап, отбасын құрамыз десе қадамды неден бастау керек?! Қыз ұзатып, келін түсіргендер ойларыңызбен бөліссеңіздер?! Құдалықты қалай жасадыңыздар”, – деп сұрады өнер иесі.