03.06.2025, 16:00

«1 сақинамен тоқтамады, жаным»: Ерке Есмахан Раймның алып берген бриллианттарын көрсетті

Коллаж: Sn.kz

"Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын".

Танымал әнші Ерке Есмахан жары Раймның сыйлаған бриллианттарын көрсетіп, мақтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Күнде күйеуіме бекер дәмді тағамдар дайындап жүрген жоқпын. Райм бүгін бриллианттардың ортасына алып келді. Не әпергенін ертең көрсетемін", - деді әнші.

Ол күйеуінің бір емес бірнеше сақинаға қарық қылғанын да баяндады. 

"1 сақинамен тоқтамады, рахмет жаным. Алла бұйыртса аман-есен босанып алайын, сосын аяғым ауыр кезде алған барлық әдеміліктерді көрсетемін. Қыздар, бар жақсылыққа лайықпыз. Ұмытпаймыз, жарай ма?", - деп жазды өнер иесі. 

Тегтер: Ерке Есмаxан