04.06.2025, 06:30

«Трубаға соғылған»: «Балқия» атымен танымал Нұргүл Мыңғатова оқыс оқиғаға тап болды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Тісін тексеріп, отпен аластаған.

Актриса Нұргүл Мыңғатова «Келінжан» фильмінің кезекті түсірілім кезінде басын темір бағанға соғып, жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда ол оқыс жағдайға қарамастан түсірілмді жалғастыруға бел буған. Ал оның айналасындағы әріптестері тоңаызтқышта тұрған етті әкеліп, шекесіне басқан. Тісін тексеріп, отпен аластаған.

«Қауғалақтап жүріп трубаға соғылған ғой. Осы «Келінжанды» аман-есен бітірейікші», - деп жазды фильмнің продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде.