Оның айтуынша, адамдар оны өз көзімен көрсе де, сенбей, "Айгүл Иманбаеваға қатты ұқсайсыз" деп қоя берген.
Белгілі актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева макияжсыз жүрген сәтінде дүкен аралап, ел арасында танылмай қалғанын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, адамдар оны өз көзімен көрсе де, сенбей, "Айгүл Иманбаеваға қатты ұқсайсыз" деп қоя берген.
"Даусыңыз, күлкіңіз, түріңіз – бәрі-бәрі Айгүлге ұқсайды деп жатыр. Біреулер тіпті: "Сіз емес шығарсыз?" – деп сұрайды", – деп жазды әртіс өзінің парақшасында.
Айгүл оқырмандарына ашық сауал тастады:
"Өнер адамдары күндіз-түні, сахнада да, үйде де боянып жүруі керек пе? Әлде шынайы, табиғи қалпында жүргені дұрыс па?" – деп жазды ол.
Иманбаеваның жазбасы желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
"Шынымен қатты ұқсайсыз Айгүлге!" , "Макияжсыз да өте сұлу екенсіз!" , "Боянып қайтып барыңызшы, қызық болсын!" , "Шындықты айтсаңызшы, халық қуансын!" , - деп жазды.