Бұл оның 7-ші жүктілігі.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Абдукаримова жақында ғана өзінің жақсы жағалығымен бөліскен еді. Ол оқырмандарына жүкті екенін көрсетіп видео жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл жүктіліктің қалай орын алғанын өзі де мүлде күтпегенін, білмегенін мәлімдеді. Бұл оның 7-ші жүктілігі. Бұл туралы Жұлдыз өз инстаграм парақшасында жазба жариялады.
"Менің 7-ші жүктілігім… Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процессін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол кезде сезбеу заңдылық. Өйткені басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды! Одан бөлек көпшілік білмейтін жеке мәселелерім тағы бар… Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей… Сол сәтте, жатырма жайғасқан бір түйір тамшы дер кезінде, өз уақытында, өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйіндерді шешіп жіберді деп айтсам, асыплық айтқаным болмас. Өйткені, өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценарийі тәрізді) Дәл сол уақытта, бұл жайлы мен ештеңе сезген де, білген де емеспін", - деді актриса.
Десе де Жұлдыз Абдукаримова бұл сәбидің өзі үшін Жаратқанның ғажап сыйы болғанын да айтып өтті.
"Бұл Жаратқанның маған берген ең ғажап сыйы. Бергенінен берері мол дегенді сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Алладан сұраса, Аллан оның абыройын асырып, жоқ нәрсесін түгендеп қояды екен. Әрине, ниетің таза әрі түзу болса, бәрі өз орнымен өз жөнінен орын алады! Құрметті оқырман, құттықтауыңызға мың алғыс! Қолдауларыңыз бен ақ тілектеріңізге рақмет! Бала сүйгісі кеп жүрген әрбір жанға жұғысты болсын!"- деп тіледі ол.
Оқырмандар актрисаны сүйінші хабарымен құттықтап, жарыса жазуда.