07.06.2025, 19:30

«9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы құпияны жайып салды

Фото: sharer.com

Маэстро да шабыттанса, жұмысын жалғастыра береді. 

Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева тоғыз немересі бар екенін айтып, отбасылық өмірі туралы сыр бөлісті. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бізде тоғыз немере бар. Мен жаман емес әжемін деп ойлаймын. Барлығына еркіндік бердік. Әрқайсысының өз отбасы бар. Сондықтан олар да еркін, біз де тыныш. Өйткені менің жолдасым Төлеген Мұхамеджанов екеуміз – өнер адамымыз. Бізге шығармашылық атмосфера қажет. Түнгі он екіде рояльға отырып, әндерімді жаттап, распевка жасап, шырқаймын. Маэстро да шабыттанса, жұмысын жалғастыра береді. Біз бір-бірімізге де, өзгелерге де кедергі келтірмейміз", – деді әнші.

Немерелері туралы айта келе, Үсенбаева олардың ешқайсысы өнер жолына түспегенімен, өнерге деген ықыластары зор екенін жеткізді.

"Олар өнерде емес, бірақ өнерді жақсы көреді. Концерттерімізге гүл алып келеді. Сурет салады, бимен айналысады. Бірақ біз әлі шөбере сүйген жоқпыз – оған жаспыз", – дейді ол күліп.

Сұхбат барысында халық әртісі әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге де тоқталды.

"Кей адамдар жақсы тілектерін жазады. Бірақ ұнамайтын пікірлер де болады. Әркімге ұнау – міндет емес. Ол да өмірдің бір бөлігі", – деп түйіндеді Үсенбаева.