Онда марқұм Роза Бағланова Мақпал Жүнісованы мақтап, өз пікірімен бөліскен.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Роза Бағланованың сирек кадрларының бірімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Онда марқұм Роза Бағланова Мақпал Жүнісованы мақтап, өз пікірімен бөліскен.
"Қазақтың өзінің баяғы сән-салтанатыменен, нақ қазақтың өзінің шынайы даусыменен, нақ қазақтың интонациясыменен, өлең айтатын мен Мақпал деймін. Мақпалды қай жерге алып барсаң да ұялмайсың. Домбырасы десе домбырасыменен айтады шертіп жіберіп, эстрадалық оркестрмен айт десе, эстрадалық оркестрмен айтады, рояльмен десең рояльмен де айтып жібереді. Оның барлығы қолынан келеді", - деген берген сұхбатында.
Мақпал Жүнісова тебіреніп, Роза Бағлановаға тілегін тіледі. Оған бұл видеоны оқырмандары жіьергенін айтады.
"Топырағыңыз торқа болсын асыл апам,аңыз адам ,Қахарман Роза Тәжібайқызы,ұйқыдан тұрып телефон қоссам,осы видео келіп тұр екен,талай батаңызды алып едік,орныңыз ойсырап тұр жан апау,ұрпағыңыз мың жасасын", - деп жазды әнші.