10.06.2025, 04:30

«Көмектесе кететін әдеті»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінің үй жинай кететінін айтып, мақтанды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aidarbekovagulzira

Бұл да болса бір бақыт!?

Желіде Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің үй жинап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны әлеуметтік желіге оның жұбайы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жүктеген.

«Шынайы өмірден. Шындығында бүгін үй шаруасы Нүрекең екеуімізге қалды, үлгермей жатсам көмектесе кететін әдеті. Артынша бала-шаға келіп, тәтті жағымды шәй болды. Бұл да болса бір бақыт!? Жүрекшелерімізбен...», - деп жазды продюсер.