Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек Жанәбілов камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билеген.
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің құдалықтағы ерекше биі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Асабаның сөзіне қарағанда құдаларды Сәкен Майғазиев күткен.
Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек Жанәбілов камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билейді. Құдалықтың видеосы желіде тарап кетті.
Желі қолданушылары екі ұдай пікір білдіріп жатыр: кейбіреулер өзіне жарасып тұр десе, енді бірі «біртүрлі» екенін айтып жатыр.
«Кенжекбектің қылықтары біртүрлі. Соқталдай азамат деп құдалыққа ертіп барды. Сәкен ортаға шақырып, сыйлық беріп, кит кигізіп жатса, бір аяғын тамадаға көтеріп жатыр. Енді тұрысы мынау, ұят-ай», «Керемет ,біздерге де жұғысты болсын. Кенжебек күшті билеген», «Кенжебектің биін үйреніп алу керек екен», Биі ерсі, биден басқа ештеңе жоқ», - деп жазды олар.