“Жұлдыз жақсы әйел, көңіліне кірбің салма”.
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Отбасылы болған жақсы, бірақ оның іші мейірім мен махаббатқа, ортақ келісім мен өзара түсіністікке толмаса бәрі бекер", – деп жазбаны бөлісті әнші.
Желі қолданушылары әншіге жары Жұлдыз Әбдікәрімованың көңілін табуға кеңес берді.
“Махаббат болмаса бесінші баласы кімнен?!”, “Бесінші баланы күлге аунап тумайтын шығар?!”, “Жұлдыз жақсы әйел, көңіліне кірбің салма”, “Отбасың аман болсын”, “Байлар да жылайды деген – осы”, “Бүкіл байлық осыларда, неге қайғырады екен?!”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанатынын жары Жұлдыз сүйіншілеген еді.