20.06.2025, 18:40

Баян Алагөзова күйеуі шығаратын «Maкси чайды» мүлдем ішпейтінін айтты (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Ол мұның себебін құрамында қанты болғандықтан деп түсіндірді. 

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайы өндіретін сусындардың ешқайсысын ішпейтінін айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол мұның себебін құрамында қанты болғандықтан деп түсіндірді. 

"Бір рет дәмін көргенмін. Одан кейін мүлдем ауызыма да алған емеспін. Ол өндіретін бірде-бір  сусындарды ішпеймін. Тәттіге құмар емеспін", - деді ол.

Көпшілік Баянның ашықтығын мақтап, “шынайылықтың үлгісі” деп бағалауда.