23.06.2025, 13:40

«Бәрі артта қалды»: Жұлдыз Әбдікәрімова ұл-қызына алғыс айтты

Фото: әлеуметтік желі

"Құлындарым, сенімдерің мен қолдауларыңа рақмет!". 

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйіне балаларын апарып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Балаларға тосынсый жасаған күн. Бұл күнді ұзақ күттік! Қанша жылдан бері пәтерден пәтерге көшіп, әбден әбігерге түссек те үмітімізді үзбедік. Сондай кезеңде бала болса да ересек те ерек болған төрт құбылам сабырлық танытып, жаныма жалау көңіліме демеу бола білді. Құлындарым, сенімдерің мен қолдауларыңа рақмет!

Бәрі артта қалды. Шүкір!», - деп жазды ол.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстары да басталып кеткенін айтты. Айта кетейік, актриса үй аламын деп алаяқтардың арбауына түсіп қалған еді.