25.06.2025, 06:30

«Тазалау, сыпыру маған түкке тұрмайды»: Мақпал Жүнісова үй қызметшілері туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесінің айтуынша, қызметкерлерді бөліп-жару деген жоқ, тіпті туысқан сияқты араласып кеткен.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова үй қызметінде өзіне көмек көрсететіндерге қалай қарайтынын, олармен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, қызметкерлерді бөліп-жару деген жоқ, тіпті туысқан сияқты араласып кеткен.

"Өзім не жесем, ол балаларға да солай қараймын. Сен менен төменсің, сен шопырсың деп бөлмеймін. Өзім де шопырдың қызымын. Менің әкем 30 жыл шопыр болған, мен оларды қатты құрметтеймін. Жолда аман-есен жүргеніміз сіздердің арқаларыңызда деймін. Біз туысқан сияқты араласамыз. Әйелдері, бала-шағасына дейін бізді біледі. Сый-сияпатымызды да беріп тұрамыз. Соғым сойсақ та бөлісеміз. Туысқан сияқтымыз. Қар тазалау, өзің тұратын үйді тазалау сыпыру ол түкке тұрмайды", - дейді Мақпал Жүнісова.