25.06.2025, 16:40

«Қуанышым ішіме сыймай бара жатыр»: Танымал әзілкеш Еркебұлан Мырзабек сүйінші жаңалығымен бөлісті

Фото: желіден алынды

Әзілкештің үшінші ұлы өмірге келген.

Белгілі әзілкеш, Қызық Times бағдарламасының жүргізушісі Еркебұлан Мырзабек отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілкештің үшінші ұлы өмірге келген.

«Балам, өмірге қош келдің! Енді менде үш ұл. Іс-сапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр», - деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары Еркебұлан Мырзабектің қуанышына ортақтасып, тілектерін жазып жатыр.