Алаяқтардың ойыны.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева әлеуметтік желі арқылы ел тұрғындарын сақ болуға шақырып, өз атынан таралып жатқан фейк жарнамаға еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді. Әнші алаяқтар оның есімі мен дауысын пайдаланып, интернетте жалған видеоролик таратқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Менің ешқандай ауруым жоқ. Ешқандай емдік өнімді жарнамалаған емеспін. Бұл — жалған, алаяқтардың ойыны», – деді Рымбаева Instagram парақшасында жариялаған бейнежолдауында.