Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің анасына бейтаныс әйел сыйлық беріп жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Даладай дархан пейілдеріңізден айналып қана кетейін! Тойда кездейсоқ кездескен бейтаныс апайымыз: «сені анаңды аялаған ақ жүрегің үшін жақсы көреміз», - деп, анама күміс білезік беріп жіберді. Осындай әппақ ниетіңізге Алла тағала үйіп-төгіп бере берсін», - деп жазды Майғазиев Instagram-дағы парақшасында.
Желі қолданушылары да бейтаныс жанның ақ ниетіне ризашылығын білдіріп жатыр.
«Өмірде жақсы адамдар көп қой! Керемет. Анаңыздың ақ батасымен өсіп-өркендей беріңіз қазақтың ақ Сәкені! Сәкен мырзаны бұрын жеңіл мінезді азамат деп ойлайтынмын. Қазағыма үлгі болар нағыз азамат екен, қазір көзім жетті», - деп атап өтті олар.