Бұған дейін әлеуметтік желілерде Төреғалидің денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын.
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі шығармашылық мансабын аяқтайтынын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазып, өнерден қол үзетінін мәлім етті. Әнші өз жазбасында: «Болды. Бәрін тастаймын. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – тыныштық», – деп жазып, пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп қойған,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төреғали Төреәлі жазбасында ішкі жан тыныштығын іздейтінін де жасырмады: «Қарапайым дүниелерде терең шындық бар. Күннің иісі. Баланың күлкісі. Қара нан. Әнсіз өткен күн. Тыныш таң. Осындай сәттерде жүрек қайта тыныстайды», – деп бөлісті әнші.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Төреғалидің денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Дегенмен, бұл жолғы мәлімдемесінде ол нақты денсаулық жағдайына тоқталмай, сахнадан кету туралы шешім қабылдағанын ашық жеткізді.
Қазіргі уақытта бұл шешімнің уақытша ма, әлде түбегейлі екені белгісіз. Әншінің командасы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.