01.07.2025, 10:40

«Не бар сізде»: Қайрат Нұртас дүкеншіні ыңғайсыз жағдайға қалдырды (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

«Ол да адам ғой, періште емес». 

Алакөлде демалып жүрген әнші Қайрат Нұртас жергілікті дүкендердің біріне кіріп, сатушыға төтесінен сұрақ қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әртіс азық-түлік дүкеніне кіріп «Не бар сіздерде?», - деп сұраған. Аталмыш видео Instagram-дағы пабликтерде таралып кетті.

Желі қолданушылары әншінің сасқалақтап қалғанын жазып жатыр.  

«Адам болған соң сасқалақтайды ғой енді», «Ол да адам ғой, періште емес», «Өте қарапайым, осы қалпыңнан тайма», - деп жазды олар.