“Қайрат, қызыңызға қарап жүрсеңізші”.
Өзінің құпия "қарым-қатынасын” айтып, оқырмандарымен бөліскен Қайрат Нұртастың қызы Алау желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің құпия "қарым-қатынасы" жөнінде айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды.
"Мүмкін мен ол баламен кездескен шығармын. Тіпті сүйіскен де шығармын",- деді ол.
Оқырмандар: “Қайрат, қызыңызға қарап жүрсеңізші”, “Мынаны папаң естімесін”, – деп жазуда.
Айта кетейік, Алау әлі кәмелетке толмаған мектеп оқушысы.