$ 519.64  609.23  6.62

«1 жыл күтсе болар еді ғой»: «Нысана» театрының актері Дәнекер Оразбай қызын ұзатты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әзілкеш Дәнекер Оразбай қызын ұзатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода ол қызын ұзатқанда жыламайтынын айтқан. Алайда қызымен қоштасар сәтте әзілкеш жан тебіренісін жасыра алмай, жылап қалды. 

"Кішкентай қыз ғой әлі. 1 жыл күтсе болар еді ғой", - деді Дәнекер көзіне жас алып тұрып. 

Ол бұл әрекетімен желі қолданушыларының да көңілін босатқан тәрізді. Қызын қимаған әкені түсінген оқырмандары оған қолдау білдірді. 

"Өзің де біреудің кішкентай қызын алдың ғой", "Қыз кетем деп тұрса ұстама, бақытты болсын", "Қызыңның жүрегін ауыртпа, қыз жат жұрттық қой", "Қыз берген оңай ма", - деп жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары