Өте күшті лайфхак.
Танымал театр және кино актрисасы Ақерке Арыс қанша гонорар алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
”Бір актерға аз болып көрінуі, бір актерға көп болып көрінуі мүмкін. Ең жоғары алған гонорарым — 12 миллион. 7-8 күнге өте жақсы табыс деп ойлаймын. Одан бөлек, мен Instagram-мен жұмыс істеймін. Съемкадан бос уақытта сол жұмысымды да істей беремін. Бір уақытта бірнеше табыс таба аламын. Өте күшті лайфхак. Былтырлары киноға көп энергиямды жібергім келмейтін. Өйткені, гонорар биылғыдай болған жоқ. Қазір комедияларға түскеннен кейін, сол комедияның ішіндегі ең жақсы ойнаған сіз дегеннен болар осы жылы сұраныс көп. Мен бос емеспін деп айтуға тура келіп жатқан жағдайлар көп”, — дейді ол.
Желі қолданушылары мемлекеттік кірістер комитетінің қарапайым халықты емес, өнер адамдарын жіті тексеру керегін жазуда.
”Салық жағы қалай? Біз бір тиын тапсақ та мемлекетке салығын төлейміз. Сендер ше?”, “Салықты осыларға салу керек, сонда аз мақтанатын болады”, “Салық органдары осыларды тексерсін”, “Бекер айттың, енді салық қызметкерлерінен хат келеді”, — деп жазды олар.