Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің!
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігіне қарамастан жөндеу жұмыстарымен айналысып жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы тұста өнер иесінің оқырмандары Жұлдыздың жалғыз жүргеніне алаңдаушылық білдірген.
"Жалғыз емеспін ғой бөпеміз екеуміз әйтүп-бүйтіп бітіріп жүрміз. Бірақ үнемі солай болған. Тек осы жолы сыртымда төртеу, ішімде біреу. Әрине, жүкті әйелге ремонтпен жүру оңай емес. Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің! Оның үстіне өсіп қалған балаларың барда, еріксіз өзіңді қамшылайсың да, тек алға қарай жүресің! Бұл да өтеді...", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жары үй аламын деп алаяқтарға алданып далада қалған еді.