03.07.2025, 15:20

Ұл ма, қыз ба?: Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

"Сіздерге де жұғысты болсын!".

Жұлдыз Әбдікәрімова кезекті бейнежазбасымен елді елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол оқырмандарына заманауи шашу шашып, қуанышты жаңалығын бөлісті.

“Ұл немесе қыз деп айтатын күнге сіз де жетіңіз деген ниетпен бүгін оқырмандарыма заманауи шашу шашамын. Менің соңғы қуанышты жаңалықтарым сіздерге де жұғысты болсын”, – деді ол видеода.

Алайда бейнежазбаның басты жаңалығы – Жұлдыз оқырмандарына 1 миллион теңге көлемінде сый ұсынатыны болып шықты. Ол арнайы ұтыс ұйымдастырып, қатысушылардың біріне қомақты қаржы табыстамақ.