$ 520.93  609.07  6.68

«Мынау не енді?»: Баян Алагөзованың анасы қызына ренжіді (ВИДЕО)

Ол бәрін сынап жүреді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Баян Алагөзованың анасы қызының әрекеттеріне қатысты ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызының өзіне жасаған кейбір қылықтарына қатысты ойын ашық айтып, шағымын жеткізді.

Сұхбат кезінде Баян Алагөзова анасынан өзіндегі ұнамайтын мінез-құлықтар туралы сұрады.

«Сен өте көп ескерту жасайсың. Мені үнемі сынап отырасың. Ол бәрін сынап жүреді. Үйіме келгенде мені де сынға алады. «Мама, мынау не енді? Мына ыдысты алып тастай аласың ба? Тамағыңның түрі неге әдемі емес, неліктен мейрамханадағындай емес. Үйің неге лас» дейді. Сонда мен «ұнамай ма, өз үйіңде ұнайтындай етіп жасап ал» деймін.

Міне, ол осындай адам», - деп Гүлжамал Мұхитденова ағынан жарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 33
Ұнамайды 89
Күлкілі 14
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары