10.07.2025, 12:40

«Ақ халатты абзал жан»: Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген диплом алды

Фото: Іnstagram.com/sveta_aitbaeva73

Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. 

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан “Астана медицина универсиететін” дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады. Ол 5-курсын аяқтап, қолына дипломын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Раушанның анасы, әнші Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Раушантайымыз – болашақ дәрігер. Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам”, – деп жазба жариялады Света Айтбаева.

Қанат Айтбаев та желіге сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.