$ 520.93  609.07  6.68

«Төрт-ақ күн ауырды, түсінбей қалдық»: Бағым Мұхитденова марқұм күйеуін еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

Күйеуім 33 күн аппаратта болды. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі қазақстандық музыкалық продюсер, Баян Мақсатқызының сіңлісі Бағым Мұхитденова марқұм күйеуін еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өмірлік жарынан ойламаған жерден айырылып қалғанын айтты. 

"Оның өкпесі қабынған. Ол ауруханаға мүлде барғысы келмеді. Мен үнемі тексерілуге барайық деп айтатынмын. Күйеуім болса, Жаңа жылдан кейін барамын деп дес бермеді. Ал қаңтардың екісі күні оны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Ертесіне маған хабарласып оның жағдайы жақсы емес екенін жеткізді. Оны ИВЛ-ге қосатындарын айтты. Одан кейін біз ұзақ күрестік. Осы тұста жездем Тұрсын Алагөзовке ерекше алғыс айтқым келеді. Күйеуім 33 күн аппаратта болды. Біз өкпесін ауыстыруға дейін барады деп ойладық. Бірақ ол әрі қарай көтере алмай қалды. Бізде медицина қызметі өте қымбат, ал мен көп ақша таппаймын. Оның ауруханадағы әр күні өте қымбатқа түсті. Бірақ біз қолымыздан келгенше күрестік, түбінде жеңілдік. 33 күн жатып қайтыс болды. Ол төрт-ақ күн ауырып ауруханаға түсті, түсінбей де қалдық", - деді ол көзіне жас алып. 

Сондай-ақ, Бағым Мұхитденова оқырмандарына денсаулықтарын күтіп, дәрігерге уақытылы қаралуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары