Бірақ, ренжіп жүрмеңіздер!
Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова "қартайып кетіпсіз" деген оқырманына ренжіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қыздар, мін іздегіштерге бірдеңе айтайын ба? Бірақ ренжіп жүрмеңіздер. Өзіңді мазалап жүрген ішкі күйіңдегі мәселені өзгеден көру ол сенікі. Демек оны қабылдап, өзіңнің ішіңе үңілу деген белгі. Біреуге бірнәрсе айтқанда, оны өзің де еститініңді, жазғанда өзің оқуға тиіс екеніңді ұмытпа. Ал мені уайымдап жазған болсаңыз, ендеше айтайын. Бірде бір жазба маған қатысы жоқ", деп жазды ол.
Айта кетейік, өнер иесінің оқырмандары стилі, киім-киісі дұрыс емес екенін айтып, өзін қалыпқа келтіруін сұраған.