$ 520.93  609.07  6.68

«10 жылдан бері бедеу отбасы болды»: Айгүл Мүкей Елдос Калабок туралы тағы бір шындықты айтты

Елдос шындықты айтудан қорықпаған ер адам. 

Фото: UGC
Фото: UGC

Журналист Айгүл Мүкей жуырда ата-ана атанатын Елдос Калабок пен оның жары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Блогер Елдос Калабоктың жаңалығы әлеуметтік желіні шулатты. Әйелі Таңшолпан екеуі 10 жылдан бері бедеу отбасы болды. Елдос сұхбатында проблема әйелінде емес, өзінде екенін айтты. Таңшолпан бедеу отбасыларға көмектесетін Ләйлә Сұлтанқызынан көмек сұрап, клиника бұл жұпқа көмектескен. Елдос шындықты айтудан қорықпаған ер адам. Бедеу отбасында проблема әйелден де, ерден де болады. 

Қоғам бірден әйел адамды кінәлайды. Бірақ Елдос проблема өзінде екенін бірден айтты. Ол ем жолдарын, күрестен өте білді. Көптеген ер адамдарға үміт сыйлады. Бұл әйеліне құрметтілік. Бедеулік ол үкім емес, оны шешуге болады. Ең бастысы — кінәңді мойындап, оны көтере білу», — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары