12.07.2025, 18:30

«Бәрінен қашып кеткім келеді»: Аша Матай жазбасымен елді алаңдатып қойды

Фото: видео скриншот

Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті.

Әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram парақшасында Аша Матай ішкі күйзелісін бөлісіп, өмірден шаршаған сәттеріболатынын ашық жазды. Алайда мұндай көңіл-күйден шығуға көмектесетін шағын қуаныштартуралы да айтып өтті.

«Кейде бәрінен шаршап, қашып кеткің келеді, бірақ дәл сол сәтте күннің нұры, жақсы сөз немесе бір күлімсіреу бәрін өзгерте алады. Әлемде әрдайым жарық бар — тек соған көңіл бөлсең жеткілікті. Жақсылықты көре біл — жүрегің де, өмірің де нұрланады», – деп жазды ол.