Оған қоса ол ежелгі қару - қылышты шебер басқара алатынын да байқатып қалды.
Димаш Құдайберген түсірілім алаңындағы жаңа бір кадрмен бөлісіп, жанкүйерлерін елең еткізді. Оның сахналық образы түбегейлі өзгеріске ұшырағаны сонша кейбіреулер әншіні танымай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұрын Димаш концерттерде және бейнебаяндарда әрдайым романтикалық образда көрінсе, ал 16 шілдеде Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеода Димаш темір-сауыттағы ежелгі жауынгердің кейпіне еніпті.
Оған қоса ол ежелгі қару - қылышты шебер басқара алатынын да байқатып қалды.
"Түсірілім алаңынан сәлем", - деп жазды Димаш өзі желіге жүктеген видео астына.