17.07.2025, 16:00

«Бетімен кеткен, тәрбиесіз»: Қайрат Нұртастың қызы ортаңғы саусағын көрсетіп, жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Көпшілік оның бұл әрекетін "қазақы тәрбиеге жат", "көргенсіздік" деп бағалап, қатаң сынға алды.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Қайратқызының әлеуметтік желіде жариялаған биі көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алау TikTok желісінде тренд видео түсіріп, би билеген сәтінде бейәдеп ишара – ортаңғы саусағын көрсетіп, жұрттың ашуына тиді. Көпшілік оның бұл әрекетін "қазақы тәрбиеге жат", "көргенсіздік" деп бағалап, қатаң сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі "тәрбие жоқ", "апасына тартқан", "бетімен кеткен" десе, енді бірі "жас қой, өсіп келеді", "өз баламызды тәрбиелейік" деп қорғаштап жатты.

“Бала ғой, білгенін істейді. Бастысы өз баламызды дұрыс тәрбиелейік” – деп жазды қолдаушылардың бірі.

“Жұрттың баласында нең бар? Қайраттың қызында емес, өзіңде шаруаң болсын” – деді енді бірі.

Бірақ көпшілік қыздың бұл әрекетін "тәрбие көрінісі" деп бағалап, ата-анасына да жауапкершілік артты.