Бірі өнер деп бағаласа, бірі отбасылы еркекке жараспайтын қылық екенін айтты.
Желіде актер Аян Өтепбергеннің актриса қызбен құшақтасып тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актердің аталмыш әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі өнер деп бағаласа, бірі отбасылы еркекке жараспайтын қылық екенін айтты.
“Күйеуің әртіс болмасын деген осы...”, "Өнер адамы болған соң түрлі түсірілім болады", "Қыз да кетәрі емес сияқты ғой", "Кімге шығып жатқанын білген шығар әйелі", "Әртіс деген аты айтып тұр ғой", - деп жазды олар.
Айта кетейік, Аян Өтепберген жақында ғана бір қыздың әкесі атанған еді.