"Ата-енеңнен ұялмайсың ба?".
Танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жаңа образым көрсетіп, жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қайырлы күн! Қалдарыңыз қалай? Шопингтатып жүрмін образым қалай?" деген жазбамен видео жүктеген.
Алайда желі қолданушылары оның киген тым ерсі әрі ашық көйлегін сынға алды.
"Мына көйлегің ашық-шашық ұят емеспе? Ата-енеңнен ұялмайсын ба? Арты ашық өзі сыптиған көйлек екен ұят мынау. Әке-шешең дұрыстап киін деп айтпай ма? Ұл-қыздарың өсіп келеді, мына көйлегің ұят", "Ужасс образың. Масқара, тыр жалаңаш шықсай оданша", "Мына қатында ұят жоқ екен, ұялмады-ау,", "Өзін-өзі сипалап өлетін болды", "шешіне сал", - деп жазды.