$ 533.61  621.07  6.78

«Ағамыздың рухы шат болсын»: Марқұм Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді (ФОТО)

Өнер иесінің атымен ашылған парақша жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

Фото: instagram.com/orazalydosbosynov
Фото: instagram.com/orazalydosbosynov

29 жасында дүниеден өткен марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің атымен ашылған парақша жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!" – делінген жазбада.

Желі қолданушылары айтыскер ақынның ұлы, әке атанған Нұрсұлтанды құттықтап жатыр. 

"Бауы берік болсын! Атасының жолын жалғайтын текті ақын болсын!", "Адам ұрпағымен мың жасайды. Бұл өмірден ерте кеткен Ораз ағамыздың рухы шат болсын", "Ата мен апа бұл сәтті көрмей кетті, әттең-ай... Бір кем дүние...", – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары